11.06.2008, 16:23 2522

Мәжіліс депутаттары үкімет пен есеп комитетінің 2007 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін қарады

Мәжіліс депутаттары үкімет пен есеп комитетінің 2007 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін қарады

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста үкімет пен есеп комитетінің 2007 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін қарады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, "есепті жылда, оның алдындағы жылдармен салыстырғанда, жалпы алғанда беті ашылған бюджеттік тәртіпті бұзу оқиғаларын ескермегенде, республикалық бюджеттің орындалуы үкіметтің барлық бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері бойынша жақсартылған".

"Осыған байланысты үкімет мемлекеттің қаржылық ресурстарын тиімді пайдалану мен басқаруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бюджеттің орындалуына қойылатын ішкі бақылауды күшейтуі қажет деп санаймыз", -делінген қорытындыда.

Сондай-ақ, құжатта атап көрсетілгеніндей, "мәжілістің барлық комитеттері үкімет пен есеп комитетінің есептеріне оң баға берді. Осы орайда мәжілістің барлық комитеттері республикалық бюджетті жоспарлау мен орындауда күрделі кемшіліктердің бар екендігі мен бюджет қаржысын игере алмау проблемасына назар аударды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 11 маусымда үкімеит пен есеп комитетінің есебін мәжілістің жалпы отырысына, ал 27 маусымда құжатты парламент палаталарының жалпы отырысының қарауына ұсыну жоспарлануда.

Конституцияға сәйкес, парламент палаталарының бірлескен отырысында республикалық бюджеттің орындалуы туралы есеп бекітіледі, ал есепті бекітпеу парламенттің үкіметке сенімсіздік танытуын білдіреді.

Өткен жылы 26 млрд теңгеден астам бюджет қаржысы игерілген жоқ.

"2007 жылы республикалық бюджеттің шығындары қайтарылған қарыздарды ескермегенде 2,48 трлн теңге, немесе, жылдық жоспардың 98,9% құрады. 26 млрд теңгеден астам қаржы игерілген жоқ", -деді Болат Жәмішев. Оның айтуынша, игерілмеген 12 млрд астам теңге мақсатты трансферттерге тиесілі.

Оның ақпаратына сәйкес, республикалық бюджеттің кіріс бөлігі "бойынша жоспар 100 пайыз орындалды". Министрліктің мәліметінше, 2007 жылы республикалық бюджеттің нақты кірістері 2,22 трлн теңгені құрады.

Министрдің айтуынша, Жалпы ішкі өнімге шаққанда бюджетке түскен салық түсімдерінің деңгейі өткен жылдың 11 айында 26,3% құрады. "Біз 2008 жылы ол Жалпы ішкі өнімге шаққанда 28%-ға, 2009 жылы - 29%-ға және 2010 жылы 30%-ға жетеді деп отырмыз", - деді Б. Жәмішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны