05.01.2018, 17:01 5719

Мәжіліс депутаттарыныӊ аймақтарда сайлаушылармен кездесуі басталды

Сапар барысында Парламент Мәжілісініӊ депутаттары Астана қаласындағы "Тұлпар-Тальго" зауытыныӊ жұмысымен танысты.

Астана. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today -Мәжіліс депутаттарыныӊ аймақтарда сайлаушылармен кездесуі басталды.Халық қалаулылары еӊбек ұжымдарымен, қоғам өкілдерімен кездесіп, азаматтарды қабылдап, халықтыӊ жай-күйін тыӊдады. Сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарға барды.

Сапар барысында Парламент Мәжілісініӊ депутаттары М. Ишімбаев,Е. Бектұрғанов, Ж. Жарасов, Г. Қарағұсова, М. Чирков, Б. Мамыраев, Е. Бектұрғанов,Ж.Жарасов, Т. Яковлева Астана қаласындағы "Тұлпар-Тальго" зауытыныӊ жұмысымен танысты.

Кездесуде Мәжілістіӊ Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетініӊ Төрағасы Мәулен Ишімбаев:

- Жалпы, "Тұлпар-Тальго" зауыты бүгінгі таӊда Қазақстанныӊ темір жолын жаӊа вагондармен қамтамасыз етіп отыр. Өндірісте біршама вагондардыӊ шығарылып жатқанын көріп отырмыз. Өздеріӊіз білетіндей, Қазақстан аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орын алады. Біздіӊ экономиканы дамытып, халықтыӊ әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етіп, қауіпсіздігімізді сақтау үшін көлік жүйесі мен коммуникацияны дамытуды өзімізге негізгі мақсат етіп қоюымыз керек. Бүгінгі күні елімізде нақты осы саясат жүзеге асырылып жатыр. Осы саясаттыӊ негізінде Қазақстандағы жолдарды, темір жолдарды салу негізгі басымдықтардыӊ бірі болып табылады - деді.

Іс-шарада "Тұлпар-Тальго" зауыты директорыныӊ орынбасары Владимир Киселев зауыттыӊ өндірістік қуаттары мен ерекшеліктері, испан вагондарын құрастыру кезінде енгізілген инновациялар туралы баяндап, Астанада шығарылған "Тұлпар-Тальго" вагоны Кедендік одақтыӊ барлық елдерінде пайдалануға болатынын, сондай-ақ,Кеден одағыныӊ техникалық регламенттерініӊ талаптарына сәйкес келетінін айтты.

Бұдан басқа, зауыттыӊ жұмыс барысы, жалақы мөлшері және басқа да мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" партиясы фракциясыныӊ жетекшісі А. Перуашев пен Е.Никитинская, Б. Дюсембинов, Д.Еспаева кәсіпкерлермен кездесті. Шараға машинажасаушылар, IТ-компаниялар, фармацевтика өнеркәсібі, "Қазхимпром", азық-түлік және өӊдеу өнеркәсібі салаларыныӊ өкілдері қатысты. Отырыста Фракция басшысы А. Перуашев кәсіпкерлікті алаӊдатқан күрделі мәселелерге тоқталып, отандық өнеркәсіпті қолдаушылардыӊ қажеттілігіне тоқталды.

Сондай-ақ, Мәжілісініӊ депутаттарыныӊ өӊірлерге жұмыс сапары аясында Ж. Омарбекова, К. Мұсырман және А. Смағұлов Ақмола облысыныӊ Степногорск қаласындағы Еуропалық подшипник зауыты қызметкерлерімен кездесті. Онда халық қалаулылары өндіріс цехтарын аралап, кәсіпорынныӊ қуаттылығымен танысып, зауыт жұмысшылары депутаттарға сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

-Біз өндіріс процесін өріп, жұмысшылармен пікір алмастық. Бұл жерде зауыт қызметкерлері үшін барлық жағдай жасалған. Илеуметтік жеӊілдіктермен қоса үш мезгіл аспен қамтылған. Орташа жалақы 130-150 мыӊды құрайды. Ир жұмысшыға сапалы медициналық көмек көрсетіледі,- деді, өз сөзінде Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова. Жұмыс сапары барысында халық қалаулыларына қалалық орталық аурухана қызметкерлерімен кездесіп, медициналық сақтандыру, әйелдердіӊ зейнетке шығу жасы, зейнетақы қорындағы қаражаттыӊ сақталуы турасында бірқатар сұрақтар қойылып, тұшымды жауап берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны