14.11.2012, 13:28 3126

Мәжіліс дербес деректер туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Заң жобасын әзірлеу дербес деректерді жинауды, жүйелендіруді, жинақтауды, сақтауды, жаңартуды, өзгертуді, пайдалануды, таратуды, блоктауды және жоюды қоса алғанда, дербес деректермен жұмыс істеу тәртібін заңнамалық тұрғыдан бекіту қажеттілігіне негізделген.

Астана. 14-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Дербес деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Заң жобасын әзірлеу дербес деректерді жинауды, жүйелендіруді, жинақтауды, сақтауды, жаңартуды, өзгертуді, пайдалануды, таратуды, блоктауды және жоюды қоса алғанда, дербес деректермен жұмыс істеу тәртібін заңнамалық тұрғыдан бекіту қажеттілігіне негізделген.

"Дербес деректер өмірдің барлық саласында қолданылады. Адамның дербес деректерін жеке өмір туралы мәліметтерге жатқызуға болады. Алайда, бүгінгі күні аталған мәселелер құқықтық тұрғыда реттелмеген", - деді аталмыш заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР ішкі істер вице-министрі Ерлік Кененбаев.

Тиісті деректердің болмауы дербес деректерді қылмыстық мақсаттарда теріс пайдалануға, оның ішінде жалған құжаттар жасауға, алаяқтыққа, әртүрлі деректер базасының көшірмесін жасап, таратуға негіз тудырады.

Осыған байланысты, заң жобасында адам мен адамзаттың дербес деректерін өңдеген кезде оның құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде жеке өміріне, жеке және отбасын құпиясына қол сұқпау құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін құқықтық негіз жасау ұсынылып отыр.

Депутаттар заң жобасымен таныса отырып, бірқатар түзетулер енгізді.

Мысалы, адамның дербес деректерінің маңыздылығын және ерекшеліктерін ескере отырып, депутаттар дербес деректер саласында уәкілетті орган бекітуді ұсынды. Сондай-ақ, "меншік иесі", "оператор", "дербес деректер қамтылған" база сияқты жаңа ұғымдар ұсынылып отыр.

Талқылау аяқталғаннан соң, депутаттар "Дербес деректер туралы" Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны