09.01.2008, 11:24 1428

Мәжіліс есірткілік қылмыстар үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс есірткілік қылмыстар үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Астана. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қылмыстық кодекс пен Икімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ҚР кодексіне есірткілік қылмыстар үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасына депутаттар енгізген түзетулер қаралып, жұмыс тобының отырыстарында талқыланды. Енгізілген түзетулер заң жобасының жекелеген нормаларын жетілдіруге, оның ережелерін басқа да заңдармен сәйкестендіруге бағытталған", - деп мәлімдеді жалпы отырыста сөз сөйлеген мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Халықаралық тәжірибені ескеру негізінде және ішкі ахуалдың біршама күрделілене түсуіне байланысты заң жобасымен есірткілік қылмыстарды жасағаны үшін жүктелетін жауапкершілікті күшейту, тіпті өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін жаза жүктеу ұсынылып отыр. Мұндай жаза төменде аталған жағдайларда қолданылады: оқу орындарында және кәмелеттік жасқа жетпегендерге есірткі сатқаны үшін, ұйымдасқан қылмыстық топтардың аса ірі көлемде есірткі сатқаны үшін, аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін, есірткі тұтынуға тарту салдарынан адамды өлімге душар ету қылмыстары үшін", - деп мәлімдеді заң жобасын депутаттарға таныстырған ішкі істер вице-министрі Қалмұханбет Қасымов.

Сонымен бірге, Икімшілік кодекске енгізілген түзетулермен "көңіл көтеру ұйымдары" деген ұғым енгізіліп, "осындай ұйымдарда есірткі тұтынудың алдын алуға шара қолданылмаған жағдайда олардың іс-қызметіне тыйым салу немесе уақытша тоқтату" туралы санкция енгізіледі.

Заң жобасы сенаттың талқысына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны