27.06.2012, 12:18 2810

Мәжіліс ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер валюталық саясатының негізгі қағидатын айқындайтын келісімді мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің капитал қозғалысына байланысты операцияларды реттеу және бақылау жөніндегі валюталық саясатының негізін құрайтын қағидаттар туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.

Астана. 27-маусым. Kazakhstan Today - Мәжіліс ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер валюталық саясатының негізгі қағидатын айқындайтын келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің капитал қозғалысына байланысты операцияларды реттеу және бақылау жөніндегі валюталық саясатының негізін құрайтын қағидаттар туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.

Келісім валюталық операцияларға қатысты шектеулерді біртіндеп жоюға бағытталған капитал қозғалысына байланысты операцияларды реттеу және бақылау жөніндегі валюталық саясаттың негізгі қағидаттарын айқындайды. Сондай-ақ, заң жобасымен өздеріне қатысты валюталық шектеулер қолданылмайтын, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер резиденттері арасындағы валюталық операциялар тізбесі де айқындалады.

Бұл ретте қоғамдастыққа мүше тараптар келісімге сәйкес, валюталық операцияларға қатысты тиімді экономикалық кооперацияға кедергі келтіретін валюталық шектеулерді біртіндеп жоюды қамтамасыз ететін болады. Бұдан бөлек, тараптар кез келген валюталық шектеулер енгізуді, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде шектеулер енгізуі мүмкін өз мемлекеттерінің заңнамасында кез келген өзгерістерді болғызбайтын шаралар қолданатын болады.

Сонымен бірге, тараптардың әрқайсысы басқа да мүше-мемлекеттерді хабардар ете отырып, ерекше жағдайларда бір жылдан аспайтын мерзімге валюталық шектеулер белгілеуге құқылы болады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны