27.12.2006, 14:50 3069

Мәжіліс ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қосымша хаттаманы бекітуді мақұлдады

АСТАНА. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында "Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартына байланысты кепілдіктерді қолдану туралы Қазақстан Республикасының үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы келісімге қосымша хаттаманы бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Хаттамаға қол қоюдағы мақсат - еліміздегі ядролық іс-қызметке қатысты ашықтықты қамтамасыз ету, халықаралық қауіпсіздік жүйесін күшейтуге ықпал жасау, еліміздің ядролық қарусыз мемлекет ретіндегі мәртебесін нығайту, Қазақстанның ядролық қару таратпау ретжимі саласындағы саясатының тұрақтылығын паш ету болып табылады",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

"Хаттамаға қол қою Қазақстан Республикасының ядролық қару таратпау шараларын қолдау саласындағы саясатының заңды жалғасы болып табылады",- делінген құжатта.

Хаттамаға 2004-жылдың 6-ақпанында Венада қол қойылды.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны