12.03.2008, 11:48 1158

Мәжіліс "Ядролық лаңкестік әрекеттерімен күрес жөніндегі халықаралық конвенцияны бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Ядролық лаңкестік әрекеттерімен күрес жөніндегі халықаралық конвенцияны бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Ядролық лаңкестік әрекеттерімен күрес жөніндегі халықаралық конвенцияны бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Конвенцияны ратификациялау лаңкестікпен және халықты жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына қарсы күресте халықаралық ықпалдастыққа негіз қалайды", -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

"Конвенцияға сәйкес, қатысушы мемлекеттер барлық елдердің атом қуатын бейбіт мақсатта дамыту мен пайдалану құқығы мен олардың атом қуатын бейбіт мақсатта пайдаланудан пайда табуға деген заңды мүддесін мойындайды", -делінген қорытындыда.

Конвенцияның 6-бабына сәйкес, "конвенцияға қатысушы әрбір мемлекет осы конвенцияның әсері аясына жататын қылмыстық әрекеттер, атап айтқанда, халық арасында, адамдар тобы немесе нақты бір адамдар арасында террор ахуалын туғызуға бағытталған немесе соған есептелген қылмыстық әрекеттер қандай жағдайда да саяси, нәсілдік, ұлттық, діни немесе басқа да осы тектес сипатта ақталмауын қамтамасыз етуге қажетті болуы мүмкін және қылмыстың ауырлығына сай келетін лайықты жаза жүктеуіне қажетті барлық шараны қабылдайды".

Конвенцияға 2005 жылдың 14 қыркүйегінде Нью-Йоркте қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны