18.05.2011, 15:12 3768

Мәжіліс қарауына рақымшылық туралы заң жобасы келіп түсті

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті заң жобасына 31 қазанға дейін қорытынды шығаратын болады.

Астана. 18 - мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заң жобасын өндіріске алды., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті заң жобасына 31 қазанға дейін қорытынды шығаратын болады.

Аталған комитеттің төрағасы Рахымет Мұқашевтің айтуынша, рақымшылық шарасы негізінен бас бостандығынан айырылғандардың әлеуметтік осал топтарына жататын санаттарын, оның ішінде кәмелетке толмағандарды, жүкті немесе жас сәбиі бар әйелдерді мүгедектерді, сондай-ақ аса ауыр емес орташа қылмыс жасағандарды қамтиды.

"Заң жобасының нәтижесінде 13 мыңға тарта сотталғандар рақымшылық көрсе, оның ішінде бас бостандығынан айырылған 2,2 мың адам түрмеден босатылады. Қоғамнан оқшаулауға қатысты емес, шартты түрде сотталған 2600 адам да рақымшылық көреді. Бұдан бөлек аса ауыр емес орташа қылмыс жасаған бірақ сотқа әлі жетпеген қылмыстық істер де тоқтатылады. Сотталғандардың жекелеген санаттарына жаза мерзімдерін қысқарту мүмкіндігі де туады",-деді Р. Мұқашев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны