01.10.2008, 11:39 1521

Мәжіліс Қазақстан Халқы ассамблеясы туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Қазақстан Халқы ассамблеясы туралы заң жобасын мақұлдады

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Халқы ассамблеясы туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасын "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы мемлекет басшысының 2007 жылдың 20 тамызында Қазақстан Халқы ассамблеясының сессиясында берген тапсырмасына сай жасаған. Құжаттың мақсаты - ассамблеяның мәртебесін, құрылу және қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындау.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны