24.10.2007, 14:18 1372

Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік шекарасындағы бірлескен бақылау туралы келісімді бекіту жөніндегі заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік шекарасындағы бірлескен бақылау туралы келісімді бекіту жөніндегі заң жобасын мақұлдады.

Астана. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан -Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бірлескен бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасы үкіметі мен Қырғызстан Республикасы үкіметі арасындағы келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Келісімге мемлекеттік шекарада "бір аялдама" принципі бойынша бақылау тиімділігін қамтамасыз ету және екі мемлекеттің тауарлар мен транспорттың шекара арқылы қозғалысы мен жеке тұлғалардың шекарадан өтуі кезінде мемлекеттік шекарадағы қадағалаушы органдар арасындағы ықпалдастығын күшейту үшін қол қойылған", - делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісімде бірлескен өткізу бекеттерін құру, олардың бәрін жұмыс істеуге қажетті құралдармен қамтамасыз ету, шекарадан өтетін жеке тұлғалар, тауарлар мен көлік құралдарын бірлесе бақылау қарастырылған.

"Келісімді ратификациялау Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік шекарасындағы бақылау процедурасын жеңілдетуге мүмкіндік жасап, сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушыларға қолайлы жағдай жасайды", -делінген қорытындыда.

Келісімге 2006 жылдың 4 шілдесінде Астанада қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны