28.01.2015, 11:54 4092

Мәжіліс Қазақстан мен Македония арасында екіжақты салық салудыӊ алдын алу туралы келісімді ратификациялады

ҚР Парламентініӊ Мәжілісі Қазақстан Республикасы мен Македония Республикасы арасындағы екіжақты салық салуды және табысқа қатысты салықты төлеуден қашуды алдын алу туралы келісімді ратификациялады

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Парламентініӊ Мәжілісі Қазақстан Республикасы мен Македония Республикасы арасындағы екіжақты салық салуды және табысқа қатысты салықты төлеуден қашуды алдын алу туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Келісімніӊ мақсаты өзара инвестиция үшін қолайлы жағдай жасау арқылы Қазақстан Республикасы мен Македоноия Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеӊейту. Сондай-ақ, келісім екі ел резиденттерініӊ екі жаққа бірдей салық төлеуден және мүлдем салық төлеуден жалтаруын алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол, тауар айналымы мен екі ел арасындағы инвестицияныӊ артуына ықпал етеді",- делінген халықаралық істер, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетініӊ қорытындысында, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Айта кетерлік жайт, Келісімде табыс көзі болып отырған мемлекет өте төмен пайыздық үстемақымен девиденттерге, пайыздарға және роялтиге салық сала алады.

Келісімніӊ 5 бабына сәйкес келісіп отырған мемлекеттіӊ заӊды тұлғасы егер ол кәсіпкерлік қызметті тұрақты мекеменіӊ білімісіз атқарып келсе келесі келісіп отырған мемлекетте салық төлеуден босатылуы мүмкін.

"Егер келісімдегі мемлекеттердіӊ бірі осы құжаттыӊ ережесіне сай келісімдегі екінші бір мемлекеттіӊ салығы салынатын табыс табатын болса, онда бірінші айтылған мемлекет екінші мемлекетте төленген табыс салығына теӊ келетін соманы резиденттіӊ табыс салығынан шегеруге рұқсат етеді", - деп түсіндірілген қорытындыда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны