04.02.2015, 14:12 3835

Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы адамдардыӊ реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялады

ҚР Парламентініӊ Мәжілісі "Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Өзбекстан Республикасыныӊ Үкіметі арасындағы Адамдардыӊ реадмиссиясы туралы келісімді және Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Өзбекстан Республикасыныӊ Үкіметі арасындағы Адамдардыӊ реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы" Заӊ жобасын мақұлдады

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Парламентініӊ Мәжілісі "Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Өзбекстан Республикасыныӊ Үкіметі арасындағы Адамдардыӊ реадмиссиясы туралы келісімді және Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Өзбекстан Республикасыныӊ Үкіметі арасындағы Адамдардыӊ реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы" Заӊ жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Келісім мен атқарушы хаттаманыӊ жүзеге асуы келіскен тараптар арасындағы заӊсыз көші-қон ынтымақтастығын жетілдіруге, тұлғалардыӊ қайта келуін қауіпсіз анықтайтын тиімді үдерістерді жүргізу, көші-қон ауыстырған соӊ белгілі тәртіптерге сәйкес міндеттерді орындамау сынды оқиғаларды анықтауға мүмкіндік береді", - делінген комитеттіӊ қорытындысында, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Келісімніӊ 2 бабына сәйкес сұрап отырған тараптыӊ құзіретті мемлекеттік органдары өтініш беріп отырған құзіретті органдардыӊ сұранымын қарастырады. Яғни, заӊ жобасы арқылы уағдаласушы тараптар мемлекеттерініӊ аумағында рұқсатсыз жүрген адамдардыӊ реадмиссиясын құқықтық және ұйымдастыру мәселелелерін реттеуді көздейді.

"Келісім мен атқару хаттамасын іске асыру заӊсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласында Уағдаласушы тараптар арасындағы ынтымақтастықты жетілдіруге ықпал ететін болады. Сондай-ақ уағдаласушы тараптар мемлекеттерініӊ аумағына кіру, сонда жүру немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындамай қойған адамдарды анықтау, қауіпсіз және ретке келтіріліп қайтару үшін тиімді рәсімдерді айқындауға мүмкіндік береді",- делінген қорытындыда.

Сондай-ақ, комитеттіӊ қорытындысына сәйкес, сұраныс білдіріп отырған тарап жағында үшінші елдіӊ азаматы ұлттық заӊнаманыӊ бұзылуы арқылы жүрген жағдайда мемлекеттіӊ құзіретті органдары тарап жақтағы өкілетті органдардыӊ өтінішін қабылдайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны