10.06.2009, 17:29 2666

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл жоба жөнінде Қаржы министрі Болат Жәмішев жан-жақты түсінідіріп өтті. Жұмыс тобында талқылануы туралы Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Құрманғали Уәли айтып берді.

Осы заң жобасы кеден органдарының қызметіне халықаралық стандарттарды енгізуге, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттердің заңнамасымен үйлестіруге бағытталған. Заң жобасында Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдер кеден құнын анықтау практикасына қоятын талаптарға сәйкес келтіру мақсаты көзделген. Жұмыс тобына түскен 30-дан астам түзету толықтай талқыдан өткен. Депутаттар тарапынан енгізілген және жұмыс тобында мақұлданған толықтырулар қорытынды салыстырма кестеге енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны