10.06.2009, 17:41 2615

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасының негізгі тұжырымдамалық бағыты - сақтандырудың міндетті түрлерін жүргізу шарттарын және тәртібін жетілдіру.

Заң жобасының негізгі мақсаты сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілердің жекелеген ережелерін нақтылау және жетілдіру, өзара сақтандыру қоғамдарының дамуын одан әрі ынталандыру, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың мүліктік және әлеуметтік мүдделерінің құқықтық тұрғыда қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. Заң жобасы міндетті сақтандыру саласындағы тетіктерді жетілдіруге, өзара және міндетті сақтандыру саласының одан әрі дамуы үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Осы заң жобасы туралы ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрайымының орынбасары Алина Алдамберген сөз сөйледі. Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжол Жазин қосымша баяндама жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны