10.06.2009, 17:57 2662

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Палатаның жалпы отырысында мәжіліс депутаттары бүгін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл заң жобасын депутаттар әзірлегенін айта кеткен жөн.

Заң жобасының мақсаты туралы бастамашылардың бірі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Тоқтарбай Қадамбаев баяндама жасады.

Мәжіліс депутаттары Валерий Доскалов, Серік Оспанов және Тоқтарбай Қадамбаев аталған заң жобасына бастамашылық жасаған болатын. Заң жобасына ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің 2007 жылғы желтоқсандағы хаттамасы негіз болған.

Жекеше нотариустердің нотариаттық іс-әрекетттер жасауына Қазақстан Республикасының барлық аумағында бірыңғай тарифтік ставка белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттің құқықтық жүйесіндегі нотариаттың рөлін және оны әлім қоғамдастығының тануын ескере отырып, қазақстандық нотариатты одан әрі реформалауға және дамытуға бағытталған.

Қазірге кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариаттың екі ұйымдық - мемлекеттік және жекеше нысаны қатар жұмыс істеуде. Мемлекеттік нотариус те, жекеше нотариус те салық заңнамасында белгіленген мемлекеттік баж ставкасы бойынша төлем алып, бірдей нотариаттық іс-әрекеттер жасайды. Алайда, нотариустерге заң бойынша жүктелген функцияларының бірдейлігіне қарамастан, жеке меншік және мемлекеттік нотариустердің қызметін қаржыландыруда едәуір айырмашылықтар бар.

Заң жобасы бойынша енгізіліп отырған жаңалықтар Қазақстан Республикасының барлық аумағында жекеше нотариустердің нотариаттық іс-әрекеттер жасауы үшін тариф ставкасының бірыңғай мөлшерін белгілеу және заңнамалық тұрғыда бекіту көзделді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны