27.05.2009, 17:47 3086

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Жаңа түзетулер туралы Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Николай Турецкий айтып берді.

Лаңкестік қылмыстарға байланысты адамдарды кепілге алу кезінде адамдардың қаза табуына қатысты нормалардың бәсекелестігін болғызбау мақсатында Қылмыстық кодекстің 96-шы және 233-ші баптарына өзгерістер енгізілді. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті осындай қорытынды шығарды. Аталған комитет мұндай тоқтамға "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында келіп отыр.

Заң жобасында енгізіліп отырған түзетулер қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын Ата заңымыздың ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған және адамның өмір сүруге деген негізгі құқығын қамтамасыз етуді көздейді.

Мәжіліс депутаттары көптеген толықтырулар қосқан. Қылмыстық кодекстің геноцид, мемлекетке опасыздық жасағаны эәне әскери қылмыстар жасағаны үшін көзделінген жазаларды реттейтін баптардың құрылымын өзгертті. Яғни, осы қылмыстық әрекеттердің бейбіт уақытта және соғыс кезінде жасалуы бойынша аражігін айқындап берді. Бұл ретте өлім жазасы түріндегі норма аталған қылмысты соғыс уақытында жасағандарға көзделеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны