24.01.2007, 15:15 3111

Мәжіліс Қазақстанды химиялық заттар мен пестицидтердің халықаралық сауда-саттығын реттеу жөніндегі Роттердам конвенциясына біріктіруді мақұлдады

АСТАНА. 24-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Қазақстанды жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтердің халықаралық сауда-саттығына қатысты алдын-ала негізді келісімге келу процедурасы жөніндегі Роттердам конвенциясына біріктіру және оны бекіту туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Конвенцияның мақсаты - жекелеген қауіпті химиялық заттарды импорттаушы және экспорттаушы елдердің аумағында осындай өнімдердің айналымы мен пайдаланылуын қадағалауды бір жүйеге келтіру арқылы олардың халықаралық сауда-саттығын реттеу болып табылады",- деді еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов.

Конвенция тыйым салынған немесе қатаң шектелген химиялық заттар мен айрықша қауіпті пестицидтерге қатысты қолданылады.

Конвенцияға 1998-жылдың 10-қыркүйегінде қол қойылған. Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны