19.12.2012, 15:24 2958

Мәжіліс Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларына қорытынды әзірлеу мерзімін белгіледі

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөніндегі қаулыны қабылдады.

Астана. 19-желтоқсан. Kazakhstan Today - Мәжіліс Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларына қорытынды әзірлеу мерзімін белгіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөніндегі қаулыны қабылдады.

Заң жобасы бойынша Қаржы және бюджет комитеті келесі жылдың 17-сәуіріне дейін қорытынды шығаратын болды.

"Заң жобасы Мәжіліске 10-желтоқсанда енгізілді. Оның мақсаты - ҚР-ның нормативтік-құқықтық актілерін халықаралық шарттарға сәйкестендіру. Құжат Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын бір ізге салуға және көрсетілген келісімдердің қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттерге қатысты тарифтік емес реттеулердің бірыңғай шараларын қолдануға бағытталған. Қаржы және бюджет комиеті аталған Заң жобасын қарап, ол бойынша 2013 жылғы 17-сәуірге дейін қорытынды әзірлеуге дайын", - деді құжатқа қатысты баяндама жасаған Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова.

Депутаттар Заң жобасы бойынша 2013 жылғы 17-сәуірге дейін қорытынды әзірленсін деген қаулыны қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны