30.04.2008, 13:09 3435

Мәжіліс "Кедендік одақ комиссиясы туралы келісімді бекіту жөніндегі" заң жобасын мақұлдады

"Келісімде кедендік одақтың комиссиясын Кедендік одақтың тұрақты жұмыс істейтін өңірлік органы ретінде құру қарастырылған. Комиссияның басты мақсаты кедендік одақтың жұмыс істеуі мен дамуына қолайлы жағдайлар жасау", -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Кедендік одақ комиссиясы туралы келісімді бекіту жөніндегі" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Келісімде кедендік одақтың комиссиясын Кедендік одақтың тұрақты жұмыс істейтін өңірлік органы ретінде құру қарастырылған. Комиссияның басты мақсаты кедендік одақтың жұмыс істеуі мен дамуына қолайлы жағдайлар жасау", -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Комиссия "кедендік одақтың жоғарғы органы қабылдаған шешімдерді орындап, кедендік одақты құру жөніндегі келісімдердің орындалуына мониторинг жүргізеді, өз құзыреті аясында халықаралық келісімдердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп, тараптарға кедендік одақ аясындағы дауларды ЕурАзЭҚ сотына дейін реттеуге қолдау көрсетеді".

Комиссия шешімдері тараптар үшін міндетті сипатта.

Келісімге сәйкес, комиссияда тараптар арасындағы дауыс былай бөлінеді: Беларусь Республикасы - 21,5%, Қазақстан Республикасы - 21,5%, РФ - 57%.

Келісімге Беларусь Республикасы , Қазақстан Республикасы мен РФ мемлекет басшылары 2007 жылдың 6 қазанында Душанбеде қол қойған.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны