13.01.2009, 17:59 3215

Мәжіліс комитеті "Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдауды кейінге қалдырды

Мәжіліс комитеті "Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдауды кейінге қалдырды

Астана. 12 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс комитеті "Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдауды кейінге қалдырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің жаңа жылдағы алғашқы отырысында комитет мүшелеріне Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Илжан Біралиев "Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын ратификациялау туралы" заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Заң жобасын жасаушылардың мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 4 мамырда Рио-де-Жанейрода 1992 жылғы 11 маусымда қол қойылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын қабылдаған. Оған әлемнің 192 елі қол қойған. Хаттама мемлекет басшысының 1999 жылғы наурыздағы жарлығының негізінде қол қойылған. Бірақ ратификацияланбаған.

Хаттаманы көптеген елдер қолдап отыр, сондықтан біздің елдің экономикалық өсуіне, қуат жинағыш мәселелерді шешуге мүмкіндіктер жасайды.

Комитет мүшелері заң жобасын талқылай келе алдағы уақытта дөңгелек үстел шеңберінде қарастыру қажет деп шешті.

Сонымен қатар комитет мүшелері осы отырыста "Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы", "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын қарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны