27.01.2010, 15:22 3181

Мәжіліс "ҚР Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияға қосылуы және оны ратификациялауы туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "ҚР Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияға қосылуы және оны ратификациялауы туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияға қосылуы және оны ратификациялауы туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысы бойынша әлемнің 72 елі қол қойған конвенция - Гаага конвенциясына қосылу үшін 2006 жылы аталған заң жобасы әзірленіп, парламентке келіп түсті.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, "бүгінде елімізде бала асырап алушылар көбейіп келеді. 2009 жылы 3 мың 44 бала асырауға алынды. Ол өткен жылғыдан 271 балаға көп. Ал шетелдіктер бізден 669 баланы асырап алды".

Аталған заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Бағила Баймағанбетованың айтуынша, аталған заң жобасы сыртта жүрген балалардың құқығын қорғап, өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

Бүгінге дейін шетелдіктер Қазақстаннан асырап алған балалардың көбі Америка Құрама Штаттарына кеткен. Олар жыл сайын баланың жай-күйін айтып есеп беріп отырады дегенімен де барлығын бірдей қадағалап отыру мүмкін емес. "Бала 18 жасқа тоғанынша екі жақ мемлекеттің де есебінде тұрып, азаматы атанады. Одан әрі қарай азаматтығын өзі таңдайды",- деп көрсетіледі заң жобасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны