18.06.2014, 21:01 2374

Мәжіліс ҚР және Ұлыбритания Үкіметі арасындағы ҚР аумағы арқылы жүк транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алды

Бұл Келісім Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қолдау көрсету мақсатында Британ тарапының Қазақстан аумағы арқылы жүктің транзитін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Мәжіліс Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктің/арнайы жүктің транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын жұмысқа алды.

Отырыста Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Ишімбаев құжат бойынша түсініктеме жасады.

Бұл Келісім Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қолдау көрсету мақсатында Британ тарапының Қазақстан аумағы арқылы жүктің транзитін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны