25.04.2007, 14:15 3149

Мәжіліс құрылыс саласындағы еңбек қауіпсіздігі туралы конвенцияны бекітуді мақұлдады

АСТАНА. 25 - сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Құрылыстағы еңбек тазалығы мен қауіпсіздігі туралы конвенцияны бекіту туралы (167 конвенция)" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан аталмыш конвенцияны бекіте отырып, халықаралық ынтымақтастық пен жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын жақсыртудың, осы саладағы халықаралық нормаларды сақтауды және орындауды ұстанатындығын растайды",- деп айтылған халықаралық іс, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі мәжіліс комитетінің қорытындысында.

Қорытындыда сондай-ақ, "аталмыш конвенцияны бекіткен әрбір ел еңбек қауіпсіздігі мен тазалығы үшін мүмкін тәуекелділіктерді бағалау негізінде конвенцияның ережелерін пайдалануды қамтамасыз ететін заңды немесе ережені қабылдап, күшінде сақтауға міндетті", деп атап көрсетілген.

Заң жобасы сенат қарауына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны