13.06.2018, 18:40 4270

Мәжіліс мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға берудіӊ құқықтық негізін құрайтын заӊ жобасын мақұлдады

Сонымен қатар осы отырыста депутаттар ҚазақстанҮкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы арасындағы ФАО-ныӊ Байланыс және әріптестік жөніндегі бюросын құру туралы келісімді ратификациялау туралы Заӊ жобасын мақұлдады.

Астана. 13 маусым. Kazakhstan Today -Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен Мәжілісте жалпы отырыс өтті. ОндаПалата мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша түзетулер мен Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) арасындағы ФАО-ныӊ елімізде Байланыс және әріптестік жөніндегі бюросын құру туралы келісімді ратификациялау туралы Заӊ жобаларын мақұлдады.

Атап айтқанда, "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасы азаматтардыӊ өзін-өзі реттеуді дамыту арқылы шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктерін кеӊейтуге, мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беруге бағытталған.

Заӊ жобасы "Ұлт жоспары - 100 нақты қадамныӊ" 97-қадамын іске асыру мақсатын көздейді. Осы ретте Мәжіліс Төрағасы: - біз Елбасымыздыӊ Ұлт Жоспарын орындау жолында тағы бір маӊызды қадам жасадық деуге болады. Президентіміз айтқандай, еліміздіӊ дамуы - бірқатар мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беруді талап етеді.

Оныӊ басты мақсаты - мемлекеттік органдардыӊ уақытын үнемдеп, жұмыс сапасын күшейту. Осы орайда, бүгін мақұлданған заӊ жобасыныӊ орны да ерекше, рөлі де өте зор,-деді.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, еӊ бастысы - заӊ жобасы мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудіӊ нақты белгіленген ережелерін бекітеді. Нәтижесінде бұл мәселеде бүгінге дейін орын алып келген жүйесіздікке, ретсіздікке жол берілмейді.

Депутаттар жұмыс тобы отырысы барысында заӊ жобасына экологиялық аудиторлық ұйымдарда міндетті мүшелігі бар, экологиялық аудит саласында өзін-өзі реттеуді және Экологиялық аудиторлық ұйымдардыӊ біртұтас Ұлттық палатасын құруды көздейтін ережелерді уақыт талабына және мақсатқа сай еместігіне орай, заӊ жобасынан алып тастауға бағытталған түзетулер енгізді, өйткені шаруашылық және өзге де қызметтіӊ І санаты үшін экологиялық аудит жүргізу қызметтіӊ тәуекелі жоғары түрі болып табылады және оныӊ нәтижелері халықтыӊ өмірі мен денсаулығына байланысты болады.

Айта кетейік, осы заӊ жобасы арқылы 3 кодекске және 4 заӊға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі деп күтілуде.

Сонымен қатар осы отырыста депутаттар ҚазақстанҮкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы арасындағы ФАО-ныӊ Байланыс және әріптестік жөніндегі бюросын құру туралы келісімді ратификациялау туралы Заӊ жобасын мақұлдады.

Келісімде Қазақстан - ФАО Иріптестік Бағдарламасын одан әрі дамыту үшін бес басым бағыт белгіленген. Атап айтқанда, тағам өнімдерініӊ қауіпсіздігі және экологиялық жағынан таза тағам өнімдерін өндіру;ветеринария және мал шаруашылығы, жайылымдарды және фитосанитарияны басқару;табиғи ресурстарды орнықты басқару (су, жер және орман ресурстарын басқару); балық аулау және аквадақыл;ауыл шаруашылығы статистикасы, деректерді жинау және оларды өӊдеу үшін ақпараттық технологиялар.

Жалпы отырыста Мәжіліс "Стандарттау туралы"және оған ілеспе Заӊ жобаларын, сонымен бірге "Білім туралы" Заӊ жобасын екінші оқылымда мақұлдап, бірқатар жаӊа заӊ жобаларын жұмысқа алды.

Отырыс соӊында Мәжіліс депутаттары орталық мемлекеттік орган басшыларыныӊ атына депутаттық сауалдар жолдады. Олар Н.Жұмаділдаева, С.Бычкова, М.Пішембаев, Т.Сыздықов, И.Смирнова, Е.Никитинская. Бұл туралы Мәжілістіӊ Баспасөз қызметі таратқан ақпаратта айтылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны