18.03.2015, 20:12 2389

МИЖІЛІС МЕМЛЕКЕТТІӉ КИСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУЫН ШЕКТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ТҮЗЕТУЛЕРДІ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАДЫ

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, халық қалаулылары мемлекеттіӊ кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, халық қалаулылары мемлекеттіӊ кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Заӊ жобасыныӊ негізгі мақсаты - еліміздіӊ бизнес қатысатын экономика салаларына мемлекеттіӊ қатысу үлесін қысқарту үшін құқықтық негіздерді бекіту арқылы мемлекеттік активтерді басқару саласындағы заӊнаманы жетілдіру. Бұл бәсекелестікті дамытуға және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.

Аталған құжат бойынша көптеген ұсыныстар түсіп, ол жұмыс тобыныӊ отырысында, сондай-ақ комитеттіӊ кеӊейтілген отырысында талқылаудан өткен.

Осы күні мәжілісмендер бірқатар ратификациялық құжаттарды мақұлдады. Депутаттардыӊ қолдауына ие болған Қытаймен төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді және Тәжікстанмен азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу мен оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау - төтенше жағдайларды жоюға дереу көмек көрсету мақсатында Тараптардыӊ ынтымақтастығын қамтамасыз етумен қатар, тиісті құқықтық негіздерін белгілейді.

Ал, Өзбекстанмен 2006 жылғы 4 қыркүйектегі екі елдіӊ мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге хаттамаға түзетулерді ратификациялау арқылы Тараптар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерініӊ тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге уағдаласты. Аталған Тізбе тәулік бойы жұмыс істеу режимімен халықаралық (көпжақты) теміржол өткізу пунктімен толықтырылған. Қазақстан аумағында осы өткізу пунктініӊ атауы - Мақтаарал, орналасқан жері - Оӊтүстік Қазақстан облысы. Өзбекстан аумағында осындай пункттіӊ атауы - Сырдария, орналасқан жері - Сырдария облысы.

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары "Жол жүрісі туралы" заӊға өзгерістер енгізу туралы заӊ жобасын жұмысқа қабылдады. Осы күні талқыланған "Өсімдіктер карантині туралы" заӊ жобасы бойынша жұмыс одан әрі жалғастырылмақ.

Отырыс соӊында Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов депутаттық корпусты алдағы Ұлыстыӊ Ұлы күнімен құттықтай келіп:

- Наурыз мейрамы елімізге, халқымызға, әрбір отбасына береке-бірлік, табыс пен молшылық әкелсін,-деді.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны