22.09.2010, 16:51 4529

Мәжіліс нормативтік құқықтық актілер туралы заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады

ҚР парламентінің мәжіліс депутаттары жалпы отырыс барысында "ҚР "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 22 - қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР парламентінің мәжіліс депутаттары жалпы отырыс барысында "ҚР "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитеттің қорытындысында заң жобасын әзірлеу барысында оған заң жобасының жекелеген баптарының редакциясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін ұсыныстар енгізілгендігі айтылған.

Депутаттардың ұсынысы бойынша, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті нормативтік-құқықтық актілер қабылдайтын мемлекеттік органдардың тізіміне қосылып, оның нормативтік қаулылары негізгі нормативтік құқықтық актілер ретінде танылатын болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны