АСТАНА. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасындағы ойын бизнесі туралы" және "Ойын бизнесіне қатысты мәселелер бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдардың жобаларын алғашқы оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
""Қазақстан Республикасындағы ойын бизнесі туралы" заң жобасында ойын бизнесі нысандарының орналасатын жері, қызметті жүзеге асыруға қатысты жалпылама талаптар, лицензия алуға қажетті квалификациялық талаптар, құмар ойындарына арналған нысандарға бару тәртіптері секілді нақты шаралар белгіленген",- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған еліміздің қаржы министрі Наталья Коржова.
Ұсынылған заң жобасына сәйкес, Қазақстанда букмекерлік конторалар мен тотализаторлардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Ойынханалар мен ойын автоматтары залдары тек арнаулы аймақтарда ғана, атап айтсақ, Қапшағай су қоймасының оң жағалауы мен Ақмола облысының Щучинск ауданында ғана орналасады. "Оларды республиканың басқа аймақтарында орналастыруға заң жобасымен тыйым салынады",- деді министр.
Заң жобасының көмегімен сондай-ақ жабдықтардың санына да шектеу қойылмақ. Мәселен, ойынханада 20-дан кем емес үстел, ал ойын автоматтарына арналған залдарда 50-ден кеме емес автомат орнатылуға және олар жаппай сертификатталған болуға тиіс. Заң жобасы ережелеріне сәйкес, кассалар мен ойын орындары бейнежазба жүйелерімен жабдықталуға және ондағы ақпараттар 7-ден кем емес күн сақталуға тиіс.
"Лицензия алу үшін ойын бизнесін ұйымдастырушының иелігінде жеке меншіктегі немесе басқа да қандайбір заңды негізде ғимараты, жеке меншіктегі ойын жабдықтары, клиенттер мен құмар ойындары орындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзет қызметі болуға тиіс",- деді министр.
Сонымен бірге ойынхана немесе букмекерлік контораның қожайынының қолында қызмет түріне байланысты болып келетін ақшалай резерв қор болуға тиіс. "Ойынханалар мен ойын автоматтарына арналған залдар үшін бұл қор 26 млн. теңге, ал букмекерлік конторалар үшін 10 млн. теңге, тотализаторлар үшін 5 млн. теңге көлемінде болуға тиіс",- деді Н.Коржова.
Заң жобасында көрсетілгендей, әрбір ойын мекемесі лицензия алуға тиіс, лицензия мерзімі 10 жылмен белгіленеді.
"Ойын бизнесіне қатысты мәселелер бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасымен Салық және Бюджеттік кодекстерге өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, ойын бизнесіне арнаулы салық енгізілмек. "Салық әрбір жабдық санына қарай төленеді. Бұған қоса мекеменің арнайы белгіленген минимумға үстеме тапқан кірісінен қосымша төлем алынады. Ол заңсыз жолмен тапқан кірісті "ақтап алуға" және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес мақсатымен енгізіліп отыр",- деді Н.Коржова.
Заң жобасымен құмар ойындарына қатысушыға рұқсат берілетін шектеу 21 жастан басталады.
Аталмыш заңдар 2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне еннеді деп күтілуде.
Заң жобалары екінші оқылымға дайындау үшін мәжілістің салалық комитетіне жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Мәжіліс ойын бизнесі туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады
тақырып бойынша жаңалықтар
"Бәйтерек" көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды рекордтық 300 млрд теңгеге арттырады
Бәйтерек" ҰБХ" АҚ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау үшін 300 млрд теңге сомасына жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске қосады, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметінен.
Холдинг агроөнеркәсіптік кешенді белсенді қолдайды және осы саланы қаржыландыру көлемін тұрақты негізде ұлғайтатын болады. Мемлекет басшысының экономикалық өсу қарқынын 6%-ға дейін ұлғайту және ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2024 жылы АӨК субъектілері үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыруға 140 млрд теңге бөлінген. Алайда, бұл сома фермерлердің айналым қаражаттарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болды. Осыған байланысты біз нарықтық қарыз қаражатын қосымша тарту туралы шешім қабылдадық", - деп атап өтті "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыдағы рекреациялық аймаққа 230 гектарға жуық жер қайтарылды
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Алматы қаласын дамытуға, оңтүстік астананың жайлы қалалық ортасын құруға ерекше көңіл бөледі. Ел Президенті қаланың нүктелік құрылыс тәжірибесін жою қажеттігін бірнеше рет атап өтті, ал құрылыс кезінде оның тұрғындарының мүдделерін міндетті түрде ескеру қажет", - деп атап өтті Антикор басшысы.
Бұл алаң кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі талқыланып отырған мәселе қала жұртшылығы үнемі назарында және әрбір тұрғын бұл үшін алаңдайды, бұл халықты осы бағыттағы мемлекет жүргізіп жатқан жұмыс туралы хабардар етуді талап етеді", - деп атап өтті Антикор басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді тағайындады
Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Ілияұлы Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды", деп көрсетілдген Өкімнің мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі
Қазақта "Алпыс күн тасыған дария, алты күнде қайтады" деген сөз бар. Көп ұзамай қарғын су кетіп, жұрт күнделікті өмірге оралады. "Әр қиындықтың қайыры бар" дейді халқымыз.
Қазіргі алапат тасқын да, түптеп келгенде, елімізге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Сын сағатта жұдырықтай жұмылған жұртымыз осы қалпында өрлеу, жаңғыру кезеңіне қадам басады. Бәрі де жақсы болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде
Мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттері толық әрі уақтылы орындалуда. Зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына әлеуметтік төлемдер бекітілген мерзімнен бұрын берілуде. Мұндай режим биылғы 1 қыркүйекке дейін сақталатын болады. Одан бөлек, мүгедектігі бар азаматтарды қайта куәландыру мен бірінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті алып жүргендер үшін қайта тағайындау мерзімдері 1 шілдеге дейін автоматты түрде ұзартылды", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Тасқын судан зардап шеккендердің барлығына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем қарастырылған. Бүгінде ол 11 мыңнан аса отбасыға төленген. Үкімет азаматтарға бүлінген үй заттарын алу үшін қосымша 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде көмек көрсету туралы шешім қабылдады", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Бүгінде 500-ден аса бала әлі де эвакуациялық орталықтарда қалып отыр. Олар да білім беру үрдісімен қамтылған. Олардың ата-аналары тасқын судың кетіп, үйлеріне оралғанын немесе баспаналарын қалпына келтіру үшін бағалау жүргізілуін күтіп жүргенін түсінемін. Бұл санаттағы балалардың ата-аналарына бізде балаларды орналастыруға қарастырылған тағы 4 мыңнан аса орын бар екенін айтқым келеді. Егер келісімін берсе, оларды сол жерлерге орналастыруға дайынбыз. Оқу маусымы аяқталған соң ата-аналардың келісімімен балаларға өзі тұрып жатқан аймақта, не басқа өңірлерде орналасқан жазғы демалыс лагерлеріне баруына мүмкіндік беріледі. Бұл мәселемен Оқу-ағарту, жоғары білім, туризм және спорт министрлері тікелей айналысуда", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
26.04.2024, 13:36Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды 26.04.2024, 17:09 15586Алматыдағы рекреациялық аймаққа 230 гектарға жуық жер қайтарылды26.04.2024, 17:25 14861"Бәйтерек" көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды рекордтық 300 млрд теңгеге арттырады26.04.2024, 13:42 12786Алматыда жаңа жағалау салынуда26.04.2024, 17:23 9211Алматыда 27 сәуірде жаппай алма ағаштары отырғызылады
24.04.2024, 18:04 87766Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады24.04.2024, 18:12 87501Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:17 87496Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 10:36 84706Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады24.04.2024, 10:30 80571Есірткі саудасының 50 пайыздан астамы Астана, Алматы және Алматы облыстарына тиесілі - ҚМА
04.04.2024, 16:35 121736Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды04.04.2024, 16:30 121431Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады18.04.2024, 12:51 107921"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес04.04.2024, 16:25 106306Тоқаев су тасқыны туралы: бұл бұрын-соңды болмаған табиғи апат18.04.2024, 16:22 103876Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді