11.10.2006, 14:57 2946

Мәжіліс Өзбекстанмен және Тәжікстанмен арадағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы келісімдерді бекітуді мақұлдады

АСТАНА. 11-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен жалпы отырыста мәжіліс депутаттары "Халықаралық автокөлік қатынасы жөніндегі Қазақстан-Өзбекстан үкіметаралық келісімін бекіту туралы" заң мен "Халықаралық автокөлік қатынасы жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық келісімін бекіту туралы" заң жобаларын бекітуді мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысына сәйкес, "келісімнің мақсаты - аталмыш елдер мен Қазақстан арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға құқықтық негіз қалау, екі ел арасындағы автокөлікпен жүзеге асырылатын жүк тасымалы талаптарын жеңілдету болмақ".

Келісім халықаралық автокөлік қатынасын аясында жүк және жолаушы тасымалын, осы аумақтар арқылы өтетін транзитті тасымалды, сондай-ақ, екі мемлекет аумағында тіркелген көлік құралдарымен үшінші ел арқылы жүк тасымалдауды реттейді.

Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы келісімге 2006-жылдың 20-наурызында Ташкентте, ал Қазақстан мен Тәжікстан үкіметтері арасындағы келісімге 2006-жылдың 4-мамырында Астанада қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны