07.10.2009, 14:35 1846

Мәжіліс пен сенат мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдардың құқықтық жағдайына қатысты заңнамалық түзетулер бойынша келісім комиссиясын құратын болды

Мәжіліс пен сенат мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдардың құқықтық жағдайына қатысты заңнамалық түзетулер бойынша келісім комиссиясын құратын болды

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдардың құқықтық жағдайы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келіспеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сөйтіп, регламентке сәйкес, аталған заң жобасы бойынша парламент палаталарының арасында туындаған келіспеушілікті еңсеру үшін келісім комиссиясы құрылатын болды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенат депутаттары 22 маусымда өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдардың құқықтық жағдайы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды.

Заңның жобасын сенатор Рашит Ахметов пен Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова жасаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны