11.06.2008, 17:56 2673

Мәжіліс "Стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншікті мемлекеттік мониторингтен өткізу туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншікті мемлекеттік мониторингтен өткізу туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін пленарлық отырыста мәжіліс депутаттары "Стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншікті мемлекеттік мониторингтен өткізу туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің қорытындысында бұл түзетулердің мемлекеттік мониторинг жүргізілетін стартегиялық маңызы бар экономика салаларының нысандар тізімін жүйелі түрде жаңартып отыру қажеттігіне байланысты енгізіліп отырғаны айтылған.

Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны