18.02.2015, 16:50 3824

Мәжіліс табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ жалпы отырысында "Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ заӊжобасын мақұлдады

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ жалпы отырысында "Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ заӊжобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Заӊ жобасында Қазақстан Республикасыныӊ "Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы" заӊына өзгерістер енгізілуде. Атап айтар болсақ, табиғи монополия субъектілерініӊ инвестициялық міндеттемелері, негізсіз шығындарды болдырмау және тарифтік процедураларды оӊтайландыру салаларына өзгерістер енгізілуде. Сонымен қатар, ашық тыӊдаулар өткізу және тұтынушы алдында жыл сайынғы есеп беру, тұтынушыныӊ шағымын қабылдау және оны қарастыру, тұтынушыныӊ құқығын қорғау бойынша өзгерістер қарастырылған",- делінген экономикалық реморма және аймақтық даму комитетініӊ қорытындысында, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Заӊжобасыныӊ мақсаты тариф түзу процесініӊ және табиғи монополиялар субъектілері қызметініӊ ашықтығын қамтамасыз ету.

"Сонымен, 7 және 7-2 баптарда тариф түзу процесініӊ ашықтығын қамтамасыз ету жолында табиғи монополиялар субъектілерініӊ қызметі жайлы тізімді кеӊейту қарастырылған",- деп атап өтілген қорытындыда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны