11.11.2009, 15:21 3261

Мәжіліс "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында мақұлданған "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасы туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Біржан Нұрымбетов баяндама жасады.

Баяндамашының айтуынша, Конвенцияның ережелері еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің қабылдаушы мемлекеттің аумағында болған уақыт кезеңінде олардың негізгі құқықтарын регламенттейді. Сонымен бірге Конвенцияның 7-бабының он екінші абзацы мен 13-бабы 1-тармағының нормалары Қазақстан Республикасының заңнамасынан өзгеше ережелерді белгілейді.

Конвенцияның 7-бабының он екінші абзацында еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелері халықаралық шарттарға және қабылдаушы Тарап заңнамасына сәйкес зейнетақыдан басқа, әлеуметтік қамсыздандыруға берілетін негізгі құқықтарды пайдаланады деп көзделген.

Конвенцияның 1-бабына сәйкес еңбекші-мигрант - Тараптардың бірінің азаматы болып табылатын, сондай-ақ Тараптардың бірінің аумағында тұрақты тұратын, өзі азаматы болып табылмайтын және тұрақты тұрмайтын басқа Тараптың аумағында заңды түрде тұратын және заңды негізде ақысы төленетін еңбек қызметімен айналысатын азаматтығы жоқ адам.

"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдау еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің реттелген құқықтық жағдайын қамтамасыз етуге және еңбекші-мигранттар мен қабылдаушы мемлекет азаматтарына қатысты, өмір сүру жағдайлары мен жұмысқа байланысты барлық жағдайларда теңдей қарым-қатынас қағидатын іске асыруға ықпал ететін болады.

Сонымен бірге Конвенцияның кейбір ережелері еңбек қызметін жүзеге асыратын елде тұрақты тұрмайтын еңбекші-мигранттарға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделгеннен өзгеше ережелер белгілейтінін атап көрсету керек. Осыған орай Қазақстан Республикасы Конвенцияға ескертпе енгізіп отыр. Аталған ескертпе заң жобасында тиісінше көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны