02.10.2018, 14:35 3998

Мәжіліс төрағасы Армения елшісін қабылдады

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудыӊ өзекті сұрақтарын талқылады.

Астана. 2 қазан. Kazakhstan Today - 1 қазанда Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Арменияныӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ара Саакянды қабылдады.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудыӊ өзекті сұрақтарын талқылады.

Мәжіліс Төрағасыынтымақтастық орнаған 26 жыл ішінде екі ел қарым-қатынасы өзара тиімді әріптестік деӊгейінде табысты дамып келе жатқанын атап өтті.

Палата Спикері біздіӊ еліміз аталған мемлекетпен екіжақты байланысты кешенді түрде дамытуға ынталы екенін айтты. Осы орайда Нұрлан Нығматулин аз уақыт бұрын Душанбеде өткен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Армения Премьер - Министрі Никол Пашинянныӊ кездесуін алға тартып, онда талқыланған мәселелердіӊ екі ел үшін маӊыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы сауда-экономикалық іс-қимыл әлеуетіне айрықша көӊіл бөлді.

Осы жолда ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеу, ақпараттық технология, туризм салалары біздіӊ елдеріміздіӊ іскерлік ықпалдастығын дамытудыӊ басым бағыттары болмақ.

Н. Нығматулин атап өткендей, тәуелсіздік алған күннен бастап, Елбасыныӊ тапсырмасы бойынша Қазақстанда инвестиция үшін қолайлы жағдай жасалып, ол жұмыстар бүгінге дейін табысты жалғасып келеді.

Тараптар осы айдыӊ соӊында Ереванда өтетін ҰҚШҰ парламенттік Ассамблеясыныӊ көшпелі отырысына дайындық барысын сөз етті. Онда бірқатар моделдік заӊдар қабылданады деп күтілуде.

Өз кезегінде А. Саакян Қазақстанныӊ қазіргі даму қарқынын жоғары бағалап, қысқа мерзімде жүзеге асқан елордамыз Астананыӊқұрлысын тарихи ғажайыпқа теӊеді.

Жүздесуде мәдени-гуманитарлық, халықаралық ынтымақтастық жайы да сөз болды.

Ал, парламентаралық байланыс жайына тоқталсақ, Мәжілісте Армения Республикасымен Ынтымақтастық жөнінде топ жұмыс істейді. Сонымен қатар, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы және ҰҚШҰ шеӊберінде тығыз қарым-қатынас орнаған.

Алдағы уақытта бейінді комитеттер мен парламентаралық топтар шеӊберінде іс-сапарлар арқылы заӊнамалық тәжірибе алмасуды одан әрі ынталандыру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны