04.03.2011, 17:06 3600

Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов елбасының қабылдауында болды

Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов елбасының қабылдауында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 4 - наурыз. Kazakhstan Today - Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов елбасының қабылдауында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша О. Мұхамеджанов Президентті Парламент Мәжілісінің заң шығармашылық жұмысы мен "Нұр Отан" ХДП парламенттік фракциясының қызметі туралы хабардар еткен.

"Мен Мемлекет басшысын Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізу жөнінде қандай жұмыстар атқарылғаны туралы хабардар еттім", - деді О. Мұхамеджанов журналистерге арналған брифинг барысында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны