30.06.2014, 22:28 6466

Мәжіліс төрағасы палатаның осы сессиядағы жұмысын қортындылады

Қ. Жақыпов: Парламенттің басты қызметі - қазақстандықтарға және мемлекетке қажетті сапалы заңдар қабылдау

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan today. Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов халық қалаулыларының алдағы жұмысының маңызды кезеңіне тоқталды.

Одан әрі Сессия басталғалы Парламент қарауында 154 заң жобасының болғаны, оның 114-ін Үкімет, он бірін депутаттар енгізгені, ал 29 заң жобасы алдыңғы сессиялардан өткені айтылды.

Үшінші сессияда Парламент 104 заң қабылдаған, қазірдің өзінде Президент 80 заңға қол қойды.

Ең маңызды заң жобалары қатарында мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін толық орындауға; халықтың жұмыспен ойдағыдай қамтылуын ұйымдастыруға; әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға; өңірлік дамуға; шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша 102 миллиардқа жуық теңге бөлінген, 2014-2016 жылдарға арналған үш жылдық бюджетті жетілдіру мәселесі аталып өтілді.

Спикердің атап өткеніндей, бюджет Елбасының Стратегиясымен нақты сәйкес келіп, барлық негізгі өлшемдері бойынша қазақстандықтар өмірін жақсартудың маңызды құралына айналуға тиіс. Осы ұстаным күзде үш жылдық бюджетті қарау барысында негізге алынуы керек .

Илеуметтік салаға арналған шығын - адам капиталын дамытуға бағытталған инвестиция екенін есепке ала отырып, біз ең алдымен, халқымыз үшін ең өзекті - денсаулық, білім, еңбекпен қамту, тұрғын-үй құрлысы, әлеуметтік қорғау салаларын қаржыландырып және Үкіметтен өте салмақты әрі сапалы нәтижелер күтуге қақылымыз,-деді Мәжіліс Төрағасы.

Сондай-ақ, Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу мен ұйымдастыруға қажетті ережелерге қатысты заң жобасын, рұқсаттар мен хабарламалар туралы, оңтайландыру мен банкроттық, қайта құрылымдауды жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктерді одан әрі дамыту, қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл,оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері жөніндегі заңдарды атап өтуге болады.

Мәжіліс Спикері құқық қорғау заңнамасын реформалау жолында қолға алынған жұмыстарға да көңіл бөлді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны