11.10.2018, 14:10 4855

Мәжіліс төрағасы Вьетнам, Иордания, Иран, Қытай, Корея, Қырғызстан, Өзбекстан Парламенті спикерлерімен кездесті

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері парламенттері спикерлерініӊ Үшінші жиналысы аясында Вьетнам, Иордания, Иран, Қытай, Корея, Қырғызстан, Өзбекстан Парламенті спикерлерімен кездесті.

Астана. 11 қазан. Kazakhstan Today - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері парламенттері спикерлерініӊ Үшінші жиналысы аясында Вьетнам, Иордания, Иран, Қытай, Корея, Қырғызстан, Өзбекстан Парламенті спикерлерімен кездесті.

Корея Республикасыныӊ Ұлттық Ассамблеясыныӊ төрағасы Мун Хи Сэнмен әӊгімелесу барысында Қазақстан-Оӊтүстік Корея ынтымақтастығыныӊ кешенді және парламентаралық байланыстарды дамытудыӊ маӊызы туралы айтылды.

Нұрлан Нығматулин Оӊтүстік Корея біздіӊ еліміздіӊ Шығыс Азиядағы стратегиялық әріптестерініӊ бірі болып табылатынын және 2016 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Сеулге жасаған сапары екі жақты серіктестікті дамыту үшін жаӊа мүмкіндіктер ашқанына тоқталды.

Өз кезегінде Мун Хи Сан жыл артқан сайын жақын Оӊтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы байланыстыӊ нығая түскенін айтты. Сондай-ақ, Ұлттық Ассамблея төрағасы Қазақстан Президентіне Корей түбегіндегі диалогты дамытуға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Мун Хи Сан Қазақстанныӊ келесі жылы Еуразия елдері парламенттері спикерлерініӊ Төртінші кездесуін өткізу туралы бастамасын қолдап, шараныӊ жоғары деӊгейде ұйымдастырылуына тілектестік білдірді.

Нұрлан Нығматулинніӊ Қырғызстан Жоғары Кеӊесініӊ спикері Дастанбек Жұмабеков және Өзбекстан Парламентініӊ спикері Нұрдинжон Исмоиловпен кездесуі барысында парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі арттыру туралы келісімдер жасалды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ достық қатынастарды дамыту және көрші мемлекеттермен тиімді ынтымақтастықты тереӊдету туралысаясатына назар аударғанМәжіліс Төрағасымемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтар елдер арасындағы қарым-қатынастарды жаӊа деӊгейге көтеруге мүмкіндік беретінін айтты.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысы Төрағасыныӊ орынбасары Байма Чилинмен, Вьетнам Ұлттық Ассамблеясыныӊ төрағасы Нгуен Ти Ким Нган, Иордания Сенатыныӊ Төрағасы Файзал Акиф Аль-Файзмен, сондай-ақ Иран Исламдық Консультативтік кеӊесініӊ төрағасы Или Ил-Ларимен кездесіп, парламентаралық диалогты дамыту мәселелерін талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны