03.04.2015, 20:51 2529

МИЖІЛІС ТӨРАҒАСЫНЫӉ ОРЫНБАСАРЫ ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА МИСКЕУДЕ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Мәжіліс Төрағасыныӊ орынбасары Д. Назарбаева бастаған Қазақстан Парламенті делегациясыныӊ өкілдері Ресей Федерациясына жұмыс сапары барысында Қаржы мониторингі жөніндегі федералдық қызмет пен Федералдық салық қызметі басшыларымен кездесті

Астана. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Мәжіліс Төрағасыныӊ орынбасары Д. Назарбаева бастаған Қазақстан Парламенті делегациясыныӊ өкілдері Ресей Федерациясына жұмыс сапары барысында Қаржы мониторингі жөніндегі федералдық қызмет пен Федералдық салық қызметі басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мәскеуге сапар мақсаты - қаржылық мониторинг және салықтық әкімшілендіру саласында ресейлік тәжірибені меӊгеру.

Қаржы мониторингі жөніндегі федералдық қызмет басшысы Юрий Чиханчин өзі жетекшілік етіп отырған саланыӊ іс-тәжірибесі, басым бағыттары және болашақ мақсаттарымен бөлісіп, халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.

Кездесу барысында тәуекелдерді бағалау орталығыныӊ қызметіне де баса көӊіл бөлінді.

Ал, Федералдық салық қызметі басшысымен жүздесу кезінде Михаил Мишустин қазақстандық парламентшілерді Ресейдіӊ салық қызметініӊ негізгі басымдықтарынан хабардар етті. Сонымен қатар, жеке және заӊды тұлғаларға салық саласындағы мемлекеттік қызметтіӊ кеӊ түріне оӊайлатылған қолжетімділікті қамтамасыз ететін қолданыстағы интернет-порталды таныстырды.

Кездесулер қорытындысында тараптар аталған салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереӊдетуге уағдаласты.

Жүздесуге сондай-ақ, Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова және Сенат депутаты Рашит Ахметов қатысты.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны