15.09.2010, 15:39 3819

Мәжіліс Уақытша әкелу туралы конвенцияны ратификациялауды мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Уақытша әкелу туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Уақытша әкелу туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауыпсыздік жөніндегі комитетінің қорытындысында Уақытша әкелу туралы конвенция Стамбулда 1990 жылдың 26-маусымында қабылданғандығы атап көрсетілген.

"Конвенцияның негізгі мақсаты тауарларды экономикалық, гуманитарлық, мәдени, әлеуметтік және туристік байланыстарға қол жеткізу және оларды дамыту мақсатында кедендік рәсімдерді оңайлатыру, жеңілдету және үйлестіру болып табылады",- деп көрсетілген қорытындыда.

Құжатқа сәйкес, белгілі бір мақсатпен әкелінетін және қандай да бір өзгеріссіз әкелінетін кейбір тауарларды баждар мен алымдар төлеуден шартты түрде босатады. Импортқа экономикалық сипаттағы салынатын тиымдарды немесе шектеулерді қолданбастан кедендік аумаққа әкелуге мүмкіндік беретін кедендік режим уақытша әкелу деп саналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны