27.09.2006, 16:27 2729

Мәжіліс үкіметтің мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі жұмысын 1-желтоқсанға дейін зерттейді

АСТАНА. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today. Мәжілістің экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитетіне үкіметтің мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі жұмысын тексеруге тапсырма берілді. Мәжілістің бүгін өткен жалпы отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұл шешімді депутаттардың басым бөлігі қолдады. Жалпы отырыс барысында бірқатар депутаттар ұлттық компаниялардағы жалақы мәселесіне қатысты мәселені зерттеуге ниет білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны