31.10.2007, 11:27 2994

Мәжіліс Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жедел әрекет етуші күштерін пайдалану тәртіптері жөніндегі келісімді бекітуді мақұлдады

Мәжіліс Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жедел әрекет етуші күштерін пайдалану тәртіптері жөніндегі келісімді бекітуді мақұлдады.

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жедел әрекет етуші күштерін пайдалану тәртіптері жөніндегі келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Келісімнің мақсаты Орталық Азиядағы ұжымдық қауіпсіздік аймағының шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштерін пайдалану және жан-жақты қамтамасыз ету, шұғыл әрекет ету негіздерін құқықтық реттеу болып табылады", - делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

"Шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштер әскери басқыншылыққа жауап қату, бірлескен жалпы әскери, контртеррорлық және арнаулы іс-шараларға қатысу, соның ішінде Орталық Азия өңірі елдерінің ұлттық және аймақтық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерге дер кезінде жауап қатуына арналған", - делінген қорытындыда.

Келісімге 2006 жылдың 23 маусымында Минск қаласында қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны