03.06.2009, 17:12 2213

Мәжіліс жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бүгін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Заң жобасы туралы Қаржы министрі Болат Жәмішев баяндап берді.

Заң жобасынде еліміздің Азаматтық, Қылмыстық және Қылмыс іс жүргізу кодекстеріне, сондай-ақ Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске толықтырулар енгізілді. Сонымен бірге және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы", "Жеке кәсіпкерлік туралы" заңдарға түзету қарастырылған болатын.

Заң жобасының негізгі мақсаты салық әкімшілігін жүргізуді күшейту. Соңғы жылдары орын алған құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың өсуіне байланысты жалған кәсіпкерлік фактілерінің жолын кесу әдістерінің тиімді жолдары қарастырылған.

Заң жобасы коммерциялық ұйымдардың ғана емес, жеке кәсіпкерлердің де жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылатынын айқындап беріп отыр. Жұмыс тобының жетекшісі Сансызбай Есіловтың айтуынша, депутаттар тарапынан елуге жуық ұсыныстар келіп түскен. Оның бәрі заң жобасын жетілдіре түскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны