19.09.2012, 10:44 2928

Мәжілісмендер Қазақстан мен Испания арасындағы өзара құқықтық көмек туралы Конвенцияны ратификациялауды мақұлдады

Конвенция ережелері мен өз заңнамаларына сәйкес, тараптар екі мемлекетті біріктіретін байланыстарды қолдауға және нығайтуға ниет білдіре отырып, қылмыстарды болдырмау, тергеу және сотпен қудалау ісінде, әсіресе ұйымдасқан қылмысқа және лаңкестікке қарсы күресте екі мемлекет арасындағы тиімді ынтымақтастықты неғұрлым дамытуға ниет білдіре отырып, екі мемлекет арасында қылмыстық істер бойынша үйлестіруді және өзара көмек көрсетуді өз заңнамаларына және қағидаларына сәйкес жақсартуға ұмтылады.

Астана. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы кезінде палата депутаттары ҚР "Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Конвенция ережелері мен өз заңнамаларына сәйкес, тараптар екі мемлекетті біріктіретін байланыстарды қолдауға және нығайтуға ниет білдіре отырып, қылмыстарды болдырмау, тергеу және сотпен қудалау ісінде, әсіресе ұйымдасқан қылмысқа және лаңкестікке қарсы күресте екі мемлекет арасындағы тиімді ынтымақтастықты неғұрлым дамытуға ниет білдіре отырып, екі мемлекет арасында қылмыстық істер бойынша үйлестіруді және өзара көмек көрсетуді өз заңнамаларына және қағидаларына сәйкес жақсартуға ұмтылады.

Сондай-ақ, салық, кедендік баж салығы, валюталық бақылау және өзге де қаржы мәселесіндегі қылмыстарда да көмек көрсетіледі.

Конвенция ұстап беру мақсатында немесе ұстап беру туралы сұрау салу үшін адамдарды қамауға алу, қылмыстық істер бойынша, оның ішінде сотталған адамдарды тапсыру туралы сот шешімдерін орындау, жекелеген адамдарға немесе үшінші мемлекеттерге тікелей көмек көрсету қатынастарына қолданылмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны