04.04.2014, 20:59 3536

Мәжілісте алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі анықталды

Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Палата бюросы өтті. Онда алдағы өтетін депутаттардың жалпы отырысында қаралатын мәселелер нақтыланды.

Алматы. 4 сәуір. Kazakhstan today. Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Палата бюросы өтті. Онда алдағы өтетін депутаттардың жалпы отырысында қаралатын мәселелер нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына Қылмыстық кодекс жобасы ілеспе түзетулерімен екінші оқылымға шығарылатын болды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Палатаның салалық комитетінің мәлімдеуінше, Кодекстің жаңа редакциясы Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасымен 2012 жылы 6 қаңтарда 2010-2020 жылдарға құқықтық саясат Тұжырымдамасының ережелерін, және де мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерін іске асыру қажеттілігін ескере отырып жасалған.

Бұл актінің іске асырылатын тұжырымдамалық бағыттары, бір жағынан, бірінші рет жасалған немесе әлеуметтік әлсіз тұлғалар жасаған қылмыстарға қатысты тағаттылық тәсілдерін кеңейтеді, екінші жағынан, ауыр қылмыстарға, қылмыстың қайталануына, ұйымдасқан қылмыскерлікке және сот төрелігіне кедергі жасауға ден қоюды қатаңдатады.

Бюро мүшелері солармен бірге Илеуметтік-мәдени даму комитетінің Солтүстік Қазақстан облысында көшпелі отырысын өткізу туралы (2014 жылғы 14-15 сәуір) ұсыныстарын да қолдады.

Сонымен бірге отырыста ү.ж. мамыр айында болатын "Экономика салалары үшін техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесінде кадрлар даярлаудың сапасы және перспективалары туралы" парламенттік тыңдаудың ұйымдастырылу мәселелерін де қарастырды.

Мәжіліс Төрағасы Қ.Жақыпов салалық комитеттерге жалпы отырысқа шығарылатын заң жобасына әзірлікті жан-жақты жүргізуді тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны