27.09.2018, 17:42 3367

Мәжілісте денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заӊ жобасы таныстырылды

Елжан Біртанов осы заӊ жобасыныӊ донор институтын және туберкулезбен ауыратындарға медициналық көмек көрсетуді жетілдіруге; МИМС одан әрі жетілдіруге; денсаулық сақтаудыӊ ұлттық шоттарын енгізуге;кейбір әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық құрамын қайта қарауға; қолданыстағы заӊнамадағы денсаулық сақтау жүйесі мәселелері бойынша олқылықтарды түзетуге бағытталатынын атап өтті.

Астана. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - 21 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі депутаттарға "ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасын таныстырды.

Заӊныӊ жобасын таныстыра отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған басым міндеттерді орындау мақсатында Министрліктіӊ "ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊныӊ жобасын әзірлегенін хабарлады.

Министрдіӊ айтуынша заӊ жобасымен 11 заӊнамалық актіге, оныӊ ішінде негізгі: 1) ТМККК моделі мен МИМС пакетін енгізу; 2) медициналық ұйымдардағы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру; 3) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудыӊ бірыӊғай перспективалық жоспарын енгізу; 4) қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелерін жетілдіру; 5) медициналық білім мен ғылым жүйесін жетілдіру, медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыру және басқа да бағыттарды қамтитын "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекске, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге және Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізіледі.

Сондай-ақ Елжан Біртанов ТМККК мен МИМС жаӊа моделі ДДҰ-ныӊ халықты денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту жөніндегі принциптеріне сәйкес келетінін атап өтті. Мәселен, ТМККК шеӊберінде амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету мен стационарлық көмекті қоса алғанда, медициналық көмек барлық азаматтарға, оралмандарға, ҚР-да тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі. МИМС жүйесіндегі медициналық көмек ТМККК тыс медициналық қызметтерді қамтитын болады. Бұл ретте, МИМС пакеті ТМККК пакетімен салыстырғанда 42,4 мыӊ теӊгеге артық болады, бұл халықтыӊ МИМС жүйесіне қатысуын айтарлықтай ынталандыратын болады.

"Денсаулық сақтау саласындағы тиімді басқару мен бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз ету мақсатында заӊ жобасында: 1) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы қадағалау кеӊестерініӊ өкілеттігін кеӊейту; 2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда алқалық атқарушы органдар енгізу; 3) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда ішкі аудит қызметін енгізу көзделеді", - деп мәлімдеді Министр.

Ол "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасыныӊ ережелерін іске асыру мақсатында заӊ жобасында: ҚР ДСМ-ге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудыӊ бірыӊғай песрпективалық жоспарын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша және ЖАО-ға ҚР ДСМ-ніӊ келісімі бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудыӊ перспективалық жоспарларын бекіту бойынша өкілеттіктер берудіӊ көзделетінін атады. Осы нормаларды іске асыру нәтижесінде 1) мемлекеттік инвестицияларды жоспарлауды оӊтайландыру; 2) аурухана ұйымдарыныӊ шығындарын оӊтайландыру; 3) медициналық көмекті интеграциялау; 3) жеке бизнес үшін инфрақұрылымды дамытуға қатысудыӊ тартымдылығын арттыру күтіледі. Осылайша, МИМС енгізу жағдайында медициналық көмек көрсету сапасы, денсаулық сақтау жүйесініӊ экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттігі арытады.

Бұдан басқа, 2005 жылғы мамырда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы Халықаралық медициналық-санитариялық ережелерді (ХМСЕ) іске асыру бойынша түзетулерді қабылдады. ХМСЕ Ұлттық дәлізініӊ өкілеттігі мен мәртебесін регламенттеу мақсатында заӊ жобасында ҚР ДСМ-ді ХМСЕ ережелерін іске асыру жөніндегі уәкілетті орган ретінде заӊнамалық белгілеу, сондай-ақ ҚР ДСМ-ге ХМСЕ енгізу, іске асыру және ХМСЕ ұлттық дәлізініӊ мәртебесі мен қызметі туралы ережені бекіту жөніндегі қызметті салааралық үйлестіру құзыретін беру көзделеді. Осы түзетулер мынадай күтілетін нәтижелерге әкеп соғады: 1) халықтыӊ денсаулығына төнген қауіптерге және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ тез және тиімді ден қою; 2) ДСМ мне ДДҰ қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ мәселелері бойынша өзара іс-қимылдыӊ жеделдігі мен сапасын арттыру", - деп сөзін жалғастырды Елжан Біртанов.

"Медициналық білім мен ғылым жүйесін жетілдіру мақсатында, сондай-ақ "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасында көзделген міндеттерді шешу үшін заӊ жобасында: медициналық білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестік институты енгізіледі; медицинадағы ғылыми қызмет жетілдіріледі; денсаулық сақтау саласындағы білім мен ғылым ұйымдарыныӊ ғылыми-педагогикалық кадрларыныӊ құзыретін бағалау жүйесі енгізіледі, сондай-ақ Nazarbayev University ұқсас интеграциялаған академиялық медициналық орталықтар мен университеттік клиникалар құру механизмі арқылы ғылым, практика мен білімніӊ үштұғырлығы үшін жағдай жасау көзделеді", - деп баяндады Министр.

Өзініӊ сөзін түйіндей келе, Елжан Біртанов осы заӊ жобасыныӊ донор институтын және туберкулезбен ауыратындарға медициналық көмек көрсетуді жетілдіруге; МИМС одан әрі жетілдіруге; денсаулық сақтаудыӊ ұлттық шоттарын енгізуге;кейбір әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық құрамын қайта қарауға; қолданыстағы заӊнамадағы денсаулық сақтау жүйесі мәселелері бойынша олқылықтарды түзетуге бағытталатынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны