11.12.2012, 13:38 3112

Мәжілісте "Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы" заң жобасы талқыланған конференция өтті

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, конференция барысында мемлекет кепілдік берген заң көмегінің құқықтық негіздері мен жүзеге асыру тетіктері, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заң көмегінің саласындағы мемлекет саясатына қатысты сұрақтар сарапқа салынды.

Астана. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Мәжілісінде "Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы" заң жобасы талқылау өзегіне айналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, конференция барысында мемлекет кепілдік берген заң көмегінің құқықтық негіздері мен жүзеге асыру тетіктері, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заң көмегінің саласындағы мемлекет саясатына қатысты сұрақтар сарапқа салынды.

Іс-шара барысында мемлекет кепілдік берген заң көмегін жетілдіруге бағытталған тиісті кеңестер тізімі бекітілді.

Жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы сотының, мемлекеттік және сот органдарының өкілдері және де халықаралық сарапшылар қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны