07.10.2016, 13:45 4021

Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша заӊнамалық өзгерістер таныстырылды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламентініӊ Мәжілісінде "ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊыныӊ жобасын таныстырды.

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламентініӊ Мәжілісінде "ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊыныӊ жобасын таныстырды.

Заӊ жобасы Илеуметтік медициналық сақтандыру қорына (әрі қарай - Қор) төленетін аударымдар мен жарналардыӊ төлеу мерзімін өзгертуді, сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесініӊ барлық процестерініӊ іске қосылуын қарастырады.

Осылайша, мемлекеттіӊ Қорға төлейтін жарнасыныӊ мерзімі 2017 жылғы 1 шілдеден 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарына ауыстырылды.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жұмыс берушілердіӊ, жеке кәсіпкерлердіӊ, жеке нотариустардыӊ, жеке сот орындаушыларыныӊ, адвокаттардыӊ, кәсіби медиаторлардыӊ, жеке тұлғалардыӊ Қорға төлейтін аударымдары мен жарналарын 2017 жылғы 1 қаӊтардан 2017 жылғы 1 шілдеге ауыстыру жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, аталған заӊ жобасы орта білім беру ұйымдарындағы оқушыларға тәулік бойы бақылау жасалмайтын медициналық қызметтердіӊ функцияларын денсаулық сақтау ұйымдарына беру бойынша "Білім туралы" ҚР Заӊына да өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыруда.

Естеріӊізге сала кетейік, 2015 жылғы 18 қарашада ҚР Президенті Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамыныӊ 80 қадамын жүзеге асыру шаралары аясында жасалған "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР Заӊына қол қойды.

Аталған құжат үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамныӊ ынтымақты жауапкершілігініӊ негізінде медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді қарастырмақ.

Мектеп жасындағы балалардыӊ денсаулығын нығайту мен қорғау, оқушылардыӊ сапалы және қолжетімді медициналық көмек қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ҚР Президентініӊ 2016 жылғы 15 қаӊтарда бекіткен ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасында денсаулық сақтау жүйесіндегі мектеп медицинасын әрі қарай дамыту қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны