13.10.2009, 12:44 2080

Мәжілісте "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы болып өтті

Мәжілісте "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы болып өтті

Астана. 13 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін мәжілісте "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы болып өтті. Бұл шараны мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Аталған комитеттің жетекшісі Владимир Бобров заң жобасы маңызды саланы реттеуге бағытталғанын атап өтті. Осы заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі Валерий Доскалов отырысты жүргізіп отырды.

Заң жобасы жөнінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдаберген баяндама жасап, түсінік берді. Отырыста депутаттар заң жобасы төңірегінде бірқатар сұрақтар қойып, ұсыныстарын алға тартты.

Бұл заң жобасы Қазақстан президентінің 2003 жылғы мамырдың 17-сіндегі Жарлығымен бекітілген еліміздің Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын орындау үшін әзірленген.

Заң жобасы табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілеріне қатысты тариф саясатын жетілдіру мақсатын көздейді.

Бұдан басқа, заң жобасы өңірлік желілік компаниялардың (ӨЖК) тарифтерін бекіту кезінде салыстырмалы талдау әдісін енгізуге бағытталған түзетулерді ұсынады.

Жаңа әдісті енгізу реттеуші органға көптеген факторларды ескере отырып, ӨЖК-нің тиімділігін бағалауға және қызметі неғұрлым тиімді жетекші - субъектінің үлгісімен оларды салыстыруға мүмкіндік береді.

Ұсынылып отырған түзетулерді іске асыру қызметті, технологияны оңтайландыру, еңбек өнімділігін көтеру, ӨЖК шығындарын қысқарту есебінен инвестициялық тартымдылықты арттыруға мүмкіндік береді.

Уәкілетті орган әрбір ӨЖК үшін тиімділікті көтеру әлеуетін бағалау және тарифтік реттеу шеңберінде тиімділікті арттыруға арналған міндеттерді белгілеу мүмкіндігіне ие болады.

ӨЖК-ні тарифтік реттеудің жаңа тәсілін қолдану бағалардың қалыптасқан тепе-теңдігін өзгертуге алып келмейді.

"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" заңға ұсынылып отырған түзетулерді 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізу көзделуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны