10.07.2012, 17:08 2748

Мемлекет басшысы "Ақпараттық Қазақстан-2030" Мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеуді тапсырды

Бұл жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы жөніндегі 18-ші тапсырмасында айтылған.

Алматы. 10-шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы "Ақпараттық Қазақстан-2030" Мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы жөніндегі 18-ші тапсырмасында айтылған.

"1. ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін:

- "Ақпараттық Қазақстан-2030" Мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеп, енгізсін;

- "Мемлекеттік қызметтерді электронды пішінде көрсету туралы" заң жобасын әзірлесін;

- мемлекеттік қызметтер ұсыну үлгілерін және олардың орындалуына бақылау жасау жүйесін құруға кіріссін;

- облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп "электронды әкімдіктің" облыс, қала, аудан үлгісіндегі үш деңгейлі бірүлгілік сызбасын құру жөнінен ұсыныстар енгізсін.

2. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі:

- 2012-2013 жылдары Қазақ ұлттық электронды кітапханасының қорын ұлғайтуды қамтамасыз етсін;

- журналистердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп Журналистік этика кодексінің жобасын әзірлесін;

- отандық БАҚ-тарды жаңғырту жоспарын әзірлесін", - делінген Мемлекет басшысының 18-ші тапсырмасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны