01.07.2008, 18:33 2928

Мемлекет басшысы "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының сортты прокат өндірісін іске қосты

Мемлекет басшысы "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының сортты прокат өндірісін іске қосты

Қарағанды. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өндірісті басқару тетігінің түймесін басу арқылы "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының сортты прокат өндірісін іске қосты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Осыдан үш жыл бұрын президент жаңа өндіріс желісінің құрылысының нышандық негізін қалаған. Ал бүгін ол бірінші өнім бере бастады. Жобаның құны $150 млн тең. "Бұл Қарағанды облысында жүзеге асырылған ең бірінші бірегей серпінді жобалардың бірі. Бұл "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасына енген серпінді жоба. Мұнда жылына 400 мың тонна сортты прокат шығарылады", - деді Н. Назарбаев.

Жаңа зауытта арматура, бұрыштамалар, швеллерлер мен басқа да материалдар өндіріледі. "Бұған дейін осындай өнім шетелдерден алынып келген, енді өз өндірісіміздің негізі қаланып, импортқа тәуелділіктен құтқарды", - деді мемлекет басшысы.

Бүгін "Арселор Миттал Теміртау" АҚ қуаты жылына 5 млн тонна болат өндіретін комбинаттың тағы бір кезегінің құрылысының тұсаукесерін өткізеді. Бұл желідегі өнім 2013 жылы шығарыла бастайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны