07.05.2012, 11:07 3119

Мемлекет басшысы барша Қазақстан халқын Отан қорғаушы күнімен құттықтады

"Біз жақында бірліктің мерекесін тойладық, енді ерліктің мейрамын атап өткелі отырмыз. Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап, еліміздің ішінде көп жұмыстар жасадық. Соның ішіндегі негізгісінің бірі тәуелсіздікті қорғайтын, шекарамызды мызғымас ұстайтын өз әскерімізді құрдық. Жоқ жерден бар қылдық. Сондықтан, осы отырған Қарулы Күштердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 20 жылда өсіп, осындай дәрежеге жеттік",-деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Астана. 7-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқын Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз жақында бірліктің мерекесін тойладық, енді ерліктің мейрамын атап өткелі отырмыз. Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап, еліміздің ішінде көп жұмыстар жасадық. Соның ішіндегі негізгісінің бірі тәуелсіздікті қорғайтын, шекарамызды мызғымас ұстайтын өз әскерімізді құрдық. Жоқ жерден бар қылдық. Сондықтан, осы отырған Қарулы Күштердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 20 жылда өсіп, осындай дәрежеге жеттік",-деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президент өз сөзінде бірлігіміз бекем, қалқанымыз берік болған соң, ел тыныштығы бұзылмағанын ескеріп өтті. "Сондықтан, менің Жарлығыммен 7 мамыр - Отан қорғаушы күні ретінде үлкен дәреже алды. Бұл мейрамды тәуелсіздігіміздің жасампаз жылнамасында айтулы күн деп санауға болады. Осы мереке арқылы біздің әскери азаматтар жастарды отансүйгіштікке, Отан қорғауға тәрбиелеуге елеулі үлесін қосады деп сенемін",-деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны